Posted in

ИТІН ШЫҒАРДЫ

Бей-берекет күйге түсірді, ығырын шығарды, сілесін қатырды, шаршатты. ~ …қырсыққанда кабинеттегілер бірден шығып кетпеді, бір-бірімен сөйлесіп, директорға қайдағы бір қағаздарына қол қойдырып, не керек, Бөкеннің әбден итін шығарып барып жөндеріне кеткен. Д.Әш. ~ Ертеңіне “ойбай, не дейсің, дарақы Қонысбай әлгі жетімек жігітті айырлап тастапты. Жиені үшін кек алғаны болар. Анауда Қонысбайды оңдырмапты. Бөкістеп-бөкістеп итін шығарыпты. Ә.Тар. ~ Бұл жолғы қатынының дауылы «Катриннен» де асып кетті, аяғы – ауылдан аға-жеңгесін алдырып, жетесіз жалғыз ұлын әйелімен қоса шақырып, қаладағы ағайынның басын қосып, бір қошқарды алып ұрып, молдаға оқытып неке суын ішкізіп итін шығарды. С.Досж.