Posted in

ИТКЕ БЕРГІСІЗ ӨМІР (КҮН)

Ауыр, қуаныш-қызығынан гөрі машақат-қиыны әлдеқайда көп тұрмыс. ~ Басшы жоқтағы маздемдердің сыйқы тым-ақ жаман болды. Барлығы екі-ақ күн өтті, менің күнім итке бергісіз көрінді. Ж.Айм. ~ Алты ай қыс айдалада қыстауға айдап тастап, жаз бойы ит арқасы қияндағы жайлауға машинамен апарып төгіп тастап, қайтып ат ізін салмайтын малшы дейтұғын жұрағаттың итке бергісіз өмірін кім ойлапты?! Қ.Ысқ.