Posted in

ИТКЕ ТЕМІР НЕ КЕРЕК

Жақсының құнын білмеу, бағаламау. ~ Бибі келе соқтықты: — … Адам болмассың тегі, адам болмассың! Нең қалды ал, нең қалды! Жаман Төкебайдікіне астындағы үш қабатыңды беріпті. Итке темір не керек оған үш қабат не керек?! Ғ.Мұст. ~ Дархан ойланып қалды. Оның орнына Гүлия жауап берді. – Ол кісі қарсы болған жоқ. Патша салғысы келмеген ғой. Итке темір не керек деген шығар. О.Бөк. ~ «Итке темір не керек», Бұл – Асқардың мақалы. Айтылған соң керемет Елге тарап жатады. Шың болған соң шыңың да шындық болса деген ек: әкім болу шынында Шмановқа не керек. Ж.Нәж.