Елемеді, кім екеніне мән бермеді. ~ Тас үстінде отырған Самат Қалиевичтің даусы сампылдай шығады. Әдеттегідей суға да жамырасып ұмтылған жоқ. Итпісің, кісімісің демеді. М.Қаб. ~ Тіпті итпісің, кісімісің демеді– ау. Келмей жатып кеудесімен басып, таптап өтті– ау! — деп Таңғыт та ширығып тұр. Қ.Жұм. ~ Үй иесі тіпті итпісің, кісімісің демеген соң, қанша төзімді болса да шыдамап еді, Нұржан: – ата, жол соғып шаршап келіп едік. рұқсат етсеңіз, жатып дем алсақ… О.Бөк. ~ Сосын Дударайды итпісің, кісімісің деместен сілейіп тұрған қызды бажылдағанына қарамай тік көтерген бойы үйге алып кіріп кетті. Н.Дәу.
