Posted in

ИЫҒЫ АСТЫ

Басқалардан биігірек, ірі, оқшау көрінді.
~ Бөке — бұл күнде қырықтың ішін аралап кеткен, соңғы жылдары ептеп толыса бастаған, бақан бойлы, атан жілік алыптың өзі еді. Түйедей жалдас торының үстінде былайғы жұрттан иығы асып, төбедей болып тіпті оқшау көрінеді. Қ.Жұм. ~ Өзін қоршаған топтан иығы асып тұрған Олжастың желке тұсында ақиық ақынның аузынан шыққан отты сөздерді қалт жібермей қадағалап Нағашыбай тұр. С.Дос.

  1. Абыройы артты, беделі өсті. ~ Сосын–ақ Әбілқайырдың иығы асып шыға келіпті. Басқаны былай қойғанда, қонтайшының өзі күнара ат шаптырып, елші салып, татулық сұрапты. Ә.Кек. ~ Оның үстіне қайсысының қайдан келгенін естігенде көздері тіптен атыздай болады. Жұрт арасындағы: «Әбілқайырдың иығы аса бастады» – хабардың растығына иланып ұйып отыр. Ә.Кек. ~ Өйткені, оның шегінгені – ғылымның шегінгені, цивилизацияның шегінгені, тағылықтың мейманасы тасып, жабайылықтың иығы асқаны. Ә.Кек.