Posted in

ИЫҒЫ БОСАДЫ

Көңілі жайланып, еркін тыныстады. ~ Атам жоңышқа гүлінің иісімен демалып жатсын. Қара темір, қара шынжыр, жылтыр керамиканың астында ауырлап жатқанша… Иығы босасын. Еркін жатсын. Өзін жаратқан топырақпен тыныстасын. Қ.Түм. ~ Бір нәрсе аяқты жалап өтті. Шоқан селк етіп оянып кетті. Жергілікті каналда қаптап жүрген зиянсыз су жыланы екен. Иығы босап, қайтадан бетін құмға сүйкеп құлады да көзін жұмды. Р.Алд.