Posted in

ИЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Мысы басым, мерейі үстем. ~ Осы Ыбырайымның мына қымызшыдағы карта ойынында бүгін иығы аса жоғары. Шылымды дамыл-дамыл тартып, маңдайынан тері бұрқырап, картаны сарт – сұрт ұрып отыр. І.Жанс. ~ “Маған ұқсай ма, ей, өзі? О пәлесін!” дей ме, шарайнаға көзінің қиығымен қарап қояды. Үй Шағидікі, бір иығы қалай да жоғары, алдымен шабуылдады. М.Қаб.