Көңілі құлазыды; уайымға салынды. ~ Қартқожаның үні өшті, тілі күрмелді, ойын тұман басты, іші- бауыры, өзегі өртелгендей болып, иығы түсіп, еңсесі салбырап кетті. Ж.Айм. ~ Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін Дүрмағамбеттің де иығы түсіп кетіпті. Ж.Айм. ~ Қалың қазақтың ұйтқысын шайқап шыққандай болып, Орта жүзді, Кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары қайғылы халмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түскен… М.Әу.
