Posted in

ИЫҒЫНА МІНДІ

Әлдебір белеске көтерілді. ~ Күн сұр ала бұлттарды жамылып, оң жақтағы бұйрат адырлардың төбесіне мінгенде, мен келіп «Қаратоқаның» иығына міндім. Қыстауға келдім. Адам жоқ. С.Сей. ~ Адымдап жүріп кеттім. Едәуір жүрдім. Ортадағы бұйратты балақтап ойға түскенде қызыл күн Баян тауының иығына мінді. С.Сей.

  1. Алып жығып, астына салды. ~ Әуелгіде қызарақтап қалған Омарғазы мынадан кейін көзі тұманданып, уәкілдің иығына міне түсті. Үй-іші апыр-топыр болды. Б.Тоғ. ~ Бәйкеннің Ноғайбекті басып қалғанын көрген бойда, екі жігіт Шалабайдың иығына міне түседі. Б.Тоғ.