Көңілі құлазып, жүні жығылды, еңсесі түсіп кетті. ~ Келе жатыр қырық жігіт, Иығынан су кетіп, Маңдайынан күн өтіп, Жылауменен күнелтіп. А.Байт. “Ер Сайын”. ~ Расымен, Виканың қабағы кіртиіп, екі иығынан су кетіп, кәдімгідей жүдеп қалды. Енді ше! “Атом бомбасы”, “террорист” кімге оңай тисін. М.Қаб. ~ «Ишан келгелі осы молданың берекесі қашты, иығынан су құйылды» деп кейбіреудің қалжыңдағанына Ақбас молда да, амалы жоқ, үндемейтін. С.Мұқ. ~ Көшірде үн жоқ айыбын мойнына алып, иығынан су төгілгендей. Боз аттардың божысын бос ұстап салбыраған күйінде болыстың боқтауын тыңдап келеді. І,Жанс. .
