Posted in

ЕЛСІЗ-КҮНСІЗ ДАЛА

Тіршілік нышаны жоқ ми дала. ~ Кей кезде өліктей тып-тың бола қалған елсіз-күнсіз далада тіршілік барын білдіргісі келгендей, ара-тұра жылқышы құстар ысқырып қояды. С.Мұқ. ~ Қораға жиналған қыстық шөпті қара күзден қойға шашып, қыс ортасында бүкіл малды қырып ала жаздады, ақырында: «Жоқ, кемпір, елсіз-күнсіз далада малмен көшіп-қонып жүру деген біз үшін өмір емес-ау»,— деді жабырқаған үнмен… С.Мұр. ~ Не жолы, не асуы жоқ елсіз-күнсіз ең дала алғашқыда бастарын айналдырып, діңкесін құртып, дал қылған. А.Сей.