Posted in

ЕМЕНДЕЙ БЕРІК (ИІЛМЕЙТІН)

Қайыспас мықты, төзімді. ~ Мынау әскерге алғаш аттанғандағы емендей берік нағашысына ұқсамайды. К.Қаз. ~ Емендей иілмейтін тәкаппарлық пен қанжардай қатқан өжеттік жан алқымға келгенше ғана дәуірлейді, тұщы етіне ащы таяқ өткеннің бәрі мүсәпір, айтқаныңа көніп, айдауыңа жүреді. А.См.