Көңілі түсті, қатты құмартты, құштар болды. * Ли Тұңлиңның сұлу әйел десе емешегі үзіліп тұратын әдеті болушы еді. Аққұбаөңді, қастары қиылған, қаршыға төс тамаша мүсін қор қызындай елестеді. Ж. Шәк. * Ассаламағаләйкөөм! Кім бар-ау бұл үйде? Жаңылжан қайдасың? – деген дауыс шықты тыстан. «Сұм-ай селк еткізгенін қарашы. Емешегі езіліп бара жатқан кім түге?» – деп ойлады Доскей. Д.Досж. * Мені бүгін емешегің езіліп неғып қонаққа шақыра қалдың, алдымен соны айтшы, қызталақ? О.Сәрс. * Әсіресе, қазіргідей басыңнан бағың тайып тұрғанда, саған қай кісінің емешесі үзіліп барады дейсің. Ә.Нұрп.
