Posted in

ЕҢ БОЛМАСА (БОЛМАСЫН, БОЛМАҒАНДА)

Тым құрығанда, басқасын былай қойғанда, аз дегенде. ~ «Шырағым-ау, жеңеше-ау, келін сияқты емес! Шошайған бірдеме. Көзі бақырайып қақ төрге отырып алыпты. Ең болмаса басында желегі де жоқ»,— деп бетін шымшиды қасындағы әйелге сыбырлап. Х.Ес. ~ Кәрі қаншық үнсіз, ең болмаса «оу, бұларың қалай?» да деген жоқ. Қ.Жиен. ~ Жездеңе айт, ұрыншылап келген күйеудей тұмшаланып жатып алғаны несі? Ел ұстайтын кісі, ең болмаса, анда-санда жұртқа елтең-селтең қарасын көрсетпес болар ма деді. Ә.Кек. * Үндей алмадым. Міңгірледім. Ең болмасын көз алдында жүрген бір жолдасыңның, не бір кемесердің қызметін, тұрмысын жазсаң, о да қызық емес па? Ж.Айм ~ Оқыса оқысын, ең болмағанда тамағы тоқ болар, бірдеме біліп шықса оқыған балалардың көбі-ақ адам болып кетіп жатыр ғой дейді. С.Мұқ.