Posted in

ЕҢСЕ ЖАЗДЫ

Жағдайы оңалып, кеудесін көтерді, бойын тіктеді. ~ Татар Даласындағы дүрбелең мен бұлғақ нәтижесінде шашыла тозып, қарасыны кемігенімен, арада жарым ғасыр өтпей қайтадан еңсе жазған керей тайпасы үлкен әскери қуатқа жетеді. Ж.Шәк. ~ Біз құйрық басқасын ғана қағаз-қаламын былай ысырып қойып, еңсе жазды. Сонда байқадым, шашын ақ молынан шалыпты. М.Қаб. ~ Қалың ойдан еңсе жазып, қабағына сәуле ұялайтыны да осы кез. Амал не, қыздары кеткесін құлазып-ақ қалады. Кеудесінен ел көшкендей, боп-бос. Е.Жең.