Көңіліне мұң ұялатты, жанын жүдетті. ~ Бір жауса бірнеше күн толастамай, екі иықтан басып, еңсені де езе түсетін күздің көңілсіз жаңбыры осы… Д.Әш. ~ Балтаның қабағы түсіп кетті. Бірінен бірі қиын тағдырлар еңсесін езіп бара жатыр. C.Смат. ~ Қыр соңынан қалмай қойған кедейшілігі құрғырға кейістіктен туған сөз шығар. Жоқтық еңсесін езген жарлының әйелі емес пе? Ү.Жәл.
