Posted in

ЕҢСЕСІ ЕЗІЛДІ

Ұнжырғасы түсіп, мұңайды; қапа болды, уайымға салынды. ~ Қарындас, қорықпаңыз, мен жөлік емеспін, жәй, сіздің
жападанжалғыз, кешқұрым, еңсеңіз езіле отырғаныңызға таң қалып, қарайлап едім. Ш.Құм. ~ Ол тұнық ойдың құшағынан босана алмай еңсесі езіліп кетіп барады. Қ.Түм. ~ Еңсесi езiлген, тұрмыстан қажыған адамның елес боп қалған қамсыз- мұңсыз күндерiн жоқтайтын әдетi емес пе … Ж.Шағ.