Posted in

ЕП ОЙЛАДЫ

Әлдебір мәселенің шешімін ойластырды. ~ Сан- Хо- Жи мұны көріп көп ойлады, «Шатырсыздар қайтіп жүр» деп ойлады. Үйге келіп уәзірін шақырып ап, Елді ыстықтан құтқару еп ойлады. Шәк. ~ «Әке-ау, мені берем деп еп ойлама, Өлтірсең де, көнбеймін, көп ойлама. Сен берсең де, бермейтін кісім дайын, Құтқарушы таба алмас деп ойлама». Шәк. ~ Нартайлақ бұл туралы көп ойлады, Кейде aтy, кейде айламен еп ойлады. Айсұлу өлді олардың салдарынан, Кек алам, құдай қосса, деп ойлады. “Нарт. пен Айсұлу”.