Posted in

ЕРДІҢ ҚҰНЫ ЕКІ АУЫЗ СӨЗБЕН БІТТІ

Орынды сөз кез-келген қиындықты шеше алады д.м. ~ Қағазсыз, полициясыз қимыл қылған, Сонда да істің бәрі бітіп тынған. Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп, Кім оның жарлығынан мойын бұрған. С.Торы. ~ Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп, Абыройын кісінің еш төкпейді. А. Байт. ~ Халық арасындағы тіл құдай сала көрмесін, біздің қазақта абайламаса – сөз сүйектен өтеді, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешеді, айтылған сөз – атылған оқ еді. Ж.Аязб.