Өз-өзін ұстамады, сезімін тежей алмады. * Қалш-қалш етеді. Жасы боршаланып ағып, еңкілдеп отыр. Жұбататын ешкімнің жоғы жақсы болып, дауысына да аздап ерік берген. С.Елу. ~ Қара жігіт ойды ақырын өршіте келіп, көзі кіртіңдеп, жұмыла берген соң, ұйқыға ерік берді. Біраздан соң ұйқы сабалап, қорылдағандарға еріп кете берді. М.Дәу. ~ Содан соң шаң – шұң басталып кетті, кіріптар адамның сөзі де өтімсіз, бір– екі қақтығыстан кейін– ақ Ақлима тосылып қалды, тосылып қалды да, көз жасына ерік берді, бар мұңын, бар наласын, тағдырға, Құдайға деген міндетін, өшін көз жасынан алды. Ә.Тар.
