Posted in

ЕРКЕ НАЗ

Жарасымды еркелік, қылықты базына. ~ Осыншама сөзді қиыстырып қалай табатынына қайран. Бір хаты бір хатына ұқсамайды. Бірінен бірі өткен ерке наз, лапыл, жалын. Т.Сәу. ~ Еркектер ерлігімен, батырлығымен жеңе алмаған нәрсені әйелдер кейде ерке – назды бір күлкісімен – ақ жаулап алады. Қ.Жұм. ~ Ой, айтпашы, Мұқан, оны неге сұрадың? — деп iлкiде сыңғырлай, еш қамсыз– мұңсыз күлген Зүбәржат күдiктi ерке наз, тосын өзiмсiнумен iштарта иығымнан ұстай алғаны. Ж.Шағ. ~ Ақынға үлкен бір қуат, рухани күш, көркем суретін көрсеткендей еді. Күңгірт кешті жайнатар жарық жұлдыз іспетті. Жабырқаған көңілді жарқ еткізер ерке– назды қылығынан аңғал сүйкімділік байқатады. Т.Рыск.