Posted in

ЕРКЕ ТӘЙТІК

Ерке өскен шолжаң бала. * Тұрсынбай тысқа шыққан бір сәтте, Ноғайқұл Шәукеннің құлағына сыбырлады. Ерке-тәйтік бала кім аузына қандай сөз салса соны айта беруші еді. Осы арада да әдетіне басты. Т.Әл. ~ Сонан соң өзінің өгей ұлы Олжабайға бұрылды. Ол да қазір жасы жиырмадан асып, соқталдай жігіт болған. Жасынан тым ерке– тәйтік өскендікі ме, әлде жатырына тартып кетті ме, мінезінің ептеген аусарлығы бар еді. Қ.Жұм.