Posted in

ЕРНІН ШҮЙІРДІ

Ұнатпаған, менсінбеген кейіп танытты. ~ Елеусіз «Әуеден сүйісудің» ырымын жасап, ернін шүйіріп тұрған әдемі ақ сары қыздың қасынан өте беріп, «ынтызарын көрейінші!» деп терезеге қарады. Т.Әл. ~ Төңірегін менсінбегендей ернін шүйіре тұрып үй-ішінің жадау тұрмысына тінтіне қарады, онан ауызғы бөлме жақта жүрген Бараққа көз тастап қойды. С.Мұр.