Ұнатпаған, мазақ қылған, табалаған кейіп білдірді. ~ Қарай ғой, мына лақ теке сияқты шікірейген неменің нығызын!– деді Сайым, шыға жөнелген Асқардың артынан қолын, ернін шығарып,– арлысын мұның! Адрам қал!.. С.Мұқ. ~ Хан қызы оның сөзін шекесінен қарап, шытыйып тұрып тыңдайды да: – Пішт!- деп ернін шығарып, түкіріп қалып жүріп кетеді. Ж.Сәм. ~ Оның абысын-ажындары: «Күйеуі жоқта не қылып түтіндетіп жатыр екен?» — деп, балаларын жұмсады. Баланың аузында сөз тұрар ма? Ойын үстінде Қарашқа айтып қойды. Қараш келіп, шешесіне айтты. Мақпал ернін шығарып: «Адыра қал – ау!» деп шаптықты. Т.Әл.
