Ойлау, сезу қабылетінен айрылды, есінен танды. * Әсем қызды киіне салып қашып кетеді деп ойлады ма, әлде басқадай ойы бар ма, кім біледі, нақа ес-түсінен айрылған адамша – аһылап-үһілеп… жетіп кеп… қыздың жалаңаш башпайынан сүйіп-сүйіп алды. Д.Досж. ~ Содан жендеттермен бірге қайыр-садақа нан берген кемпірдің үйіне келдік. Келсек, кемпір аза тұтып отыр екен. Шаруамызды естіген соң өз шашын өзі жұлып, ес-түсінен айрылып жерге құлады. Ә.Ысқ. * Ойда жоқта, ойламаған жерде ес-түсінен айрылғандай алмағайып халде жасап қойған күнәсін көлдің таза суымен жуып-шайғысы келгені болар, айдынның мазасын қашырып, тұнық суға қайта-қайта секірген. С.Ел. * Жо-жоқ, мен сені бәрібір жақсы көремін. Сені ұшыратқаннан бері ес-түсімнен айрылғандай күйге түстім. Сендей перизаттың халық жауы болуы мүмкін емес. Т.Сәу.
