Есейіп, ақыл тоқтатқалы, оң-солын ажыратқалы. * «Шіркін, мынау туып-өскен өлкемді, ес біліп, етек жапқалы аңын таңдап
қаққан мекенімді, бәрінен де айырылып,мүсәпір болған сорлы Әкемді, тіпті барша әлем, жарық дүниені қалай ғана қиып кете
берермін?!» К.Сег. * Ал өзің қалайсың? Жол – жоспарың не? Туған жерден біраз шығандап кеткен екенсің. Ес біліп, етек
жапқалы Тарбағатайға ат ізін салдың ба? М.Қаб. ~ Қамқа мешел. Мен ес білгелі мешел. Күннің көзі жылт етті болды, есіктің
алдына шығып, мелшиеді де отырады. Т.Әл. ~ Өйткені мен ес біліп, етек жапқалы қазақ көшінде жаяу адам кездестірген
емен. Оның екі себебі бар. Ол тіпті де қазақтың бәрі жетегінде аты, көңілінде шаты бар еді деген сөз емес. Ең алдымен
бұрын елде мал көп, өзінде болмаса көшке көліктің майын сұрап мінеді. «Атыңның майын берші!» дер еді қазақ. Майы –
мінгенде мықтағанда аттың аритыны. Б.Қыд.
