Posted in

ЕСЕСІ ҚАЙТАДЫ

Әлдебір игілікті істің қайыры, өтеуі болады д.м. ~ Аузына берік тракторшыдан жас шопандарға сәлем айттым: «Қытанды аға десе құдай келсе де қара тонды қыс басынан киіп жүрміз деңдер. Басқа күн туып тұр. Есесі қайтады». Арғы әләулай өзіңізге белгілі… М.Қаб. ~ Бекет әуелде осының бәрін ермек үшін, әзіл үшін жасап еді, кейін “тағы тайганың” заңына айналып кетті: тірлігіңе не қажет — өзің жасап ал; табиғаттан алатын алиментті дүкеннен тасыма; өзінде бар болса — біреуге табынба; артық дүниеңе сараңдық жасама — есесі қайтады. Қ.Ысқ.