Posted in

ЕСІ КІРДІ (ЕСІН ЖИДЫ)

Санасы оянды; ақылы толды. ~ Тентектің бір мезгілде кірді есі: «Әуре боп қуып, маған қажет несі?» Осылай ойлап, қайта жүріп еді, Артынан қуды енді көлеңкесі. А.Байт. ~ Аздан соң есі кірді, байқайды. Өз демінен бөлек дыбыс білінбейді. Сол арада, жаңылған жерінде жантайып отырып есін жимақ болды. М.Әуез.

  1. Есейіп қалды. ~ Абырой болғанда үйде екі бала да жоқ еді‚ әйтпесе әкелерін қызыл жаға алып кетті деген сөз есі кіріп қалған екеуін де есеңгіретіп тастар еді. Қ.Түм.
  2. Есін жиды, өз-өзіне келді. ~ … шалқасынан жатқан түкпірдегі офицердің қасына барып аузына су тамызды. Мұрны үшкір, сары шаш жігіт бір ұрттамын талмап жұтқан соң есі кірді ме – сәл ғана кірпігін ашты. Б.Тоғ.