Асқан кедейшіліктің сипаты ретінде айтылады. ~ «Ораза намаз тоқтықта, иман кетер жоқтықта» дегендей өздері ішуге тамақ таппай жүрген адам ит асырамас болар. Қазақтың «есігінің алдында иті де жоқ» дейтін тіркесі әбден дұрыс екенін осы бір екі-үш жылда көрдік. Б.Қыд.
