Posted in

ЕСІК КӨРСЕТТІ

Болашақ күйеудің қалыңдығына алғаш келуі, ұрын баруы. * Құлтуманы қойшы, о түгілі Күнікейге жаңа көрпе, жастыққа тыс, кестелі орамал, ақ шымылдық, сары қол сандық, қызыл сал керек. Тұяқ: «Есік көрсет, малыңды алып, қалыңдығымды бер» – деп қыңқылдағалы қашан. Ж.Айм. * Әкем айттырған Жаманбаланың шотбақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден тандап айттырып едім. Мал жанды соққан екен, малымды түгел алмай, есік көрсетпеймін деп, көнбей қойды. Ж.Айм.

  1. Қонақ қылып, дастархан жайлы, сыйлады. * … бірінші күні тойға қатысады, екінші күні отағасының орынбасары шақырады, үшінші күні отағасының департамент директоры құдаларға есік көрсетеді, сол күні кешқұрым ес жиғызбастан жиып-теріп поезға салып жібереді. Д.Досж.