Өз дәрежесін көтеріп, жақсылармен теңесу үшін жанын салды. * Атақ, даңқтың артына атаң қазақ дәл бүгінгілердей түскен
жоқ шығар. Ел қайда, су қайда дейтін емес, екі иығын жұлып жеп, есіктегі басын төрге сүйреумен қым-қуыт. Н.Дәу. * Ол,
ол ма. Осы өңірдің кәрі, жасы тегіс сыйлайтын ат басындай азамат салпы етек жаман әйелін үйде де, түзде де көтермелеп,
есіктегі басын төрге шығарады да отырады. Ә.Нұрп. ~ Есiктегi басымызды төрге сүйрер аға болса, iнiлiкке жарайтын,
кежегемдi кейiн тартып, кiдiрiс жасар кiсi мен емес! К.Сег.
