Ешқашан ұмытпастай (мәңгілік із қалдырған оқиға туралы). ~ Елдің есінен кетпестей із қалдырып, халық әдебиеті ортасынан орын алған оқиғаның бірі – Ақтабан шұбырынды. А.Байт. * Мен Мырзатай ауылының өмірінде есінен кетпестей кек алмақшымын. М.Әу. ~ Әсия оның ашуын қалай да үнсіз көтеріп алуға және қарт адамның осалдығы ғой деп іштей кешірім етуге әзір еді, бірақ әкенің бір ғана сөзі қатты батты. Есінен кетпестей боп жүрегіне дік тиді. С.Мұр.
