Posted in

ЕСКЕ (ЕСІНЕ) АЛДЫ

Ойына алды, жадында ұстады, ескерді. ~ Бұл ауыл Күлжәмиланың мінезіне де, бөрте серкенің ірілігіне де, әдемілігіне де үйренген. Хабар-ошарсыз кеткен Дәнекерден қалған бір белгі — осы. Осы серкені көргенде Дәнекерді еске алады. К.Қаз. ~ Осыларды еске алып, халықтың ой-қазынасына айналған атақты тұлпардың басына одан гөрі де осы күнгі өскен заманға лайықты мәңгілік ескерткіш тас орнатса, жас ұрпаққа оның тәрбиелік мәні аз болмас еді. Ә.Мар. ~ Шықса, бәрін әкесі бет әлпетінен біліп қоятындай көрінді. Жылап жіберем бе деп, өзіне де сенбеді. Сол сәт Тазабекті тағы есіне алды. Бәрінен бұрын ол қайтер екен? Б.Нұрж.