Бұрын өткен ақылман адамдардан қалған ұлағатты сөз, нақыл. * Ескіден жеткен есті сөзді жадымыздан шығармай, Димаш Ахметұлы құсап ел пайдасын ойлап жүрміз бе?.. С.Дос. * Алайда, өмірдің өз заңы бар. Ол қатып қалған қағидалар қалыбына сия бермейді. Содан да болар, ескіден жеткен есті сөздің: Жаманнан туған жаксы бар, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Бір аяқ асқа алғысыз, – дейтіні. С.Дос. * Ақылым тасығандықтан емес, жаным ашығандықтан айтамын. Ескіден жеткен есті сөз бар: Күніне тоқсан түрлі пәле көрсең, Сонда да күдер үзбе бір Алладан,- депті ғой бір ақылман. С.Дос.
