Posted in

ЕСТЕН ШЫҒАРДЫ

Жадынан өшірді, біржола ұмытты. * Бұл адамдардың өздері де, тағдырлары да таныс болғандықтан ба, хан енді әлгі оқиға жайын естен шығаруға тырысты. І.Ес. * Ақынның ертеңі бүгіннен басталуы керек. Бүгінін ойламаған, болашағына да опа бермейтіні анық. Мұны естен шығарған қаламгердің екінші өмірі қысқа. Бұл әрине көпке мәлім сыр. Ш.Сари. * Және Ақторғынның Кіші жүздің қызы екенін де естен шығармағаны жөн. І.Ес. С.Ом.