Posted in

ЕТ АСЫМ (ПІСІРІМ) УАҚЫТ

Халық өлшемі, суға қойған ет пісетіндей уақыт мөлшері, шамамен 2-3 сағат. ~ Есіктен кіре «Апа! » – деп бір шыңғырды да, құлады. Арғы ауылдағы бақсыны алдырғанымызша ет асым уақытқа жетпей-ақ, арып- таласып жатып кетті де қалды… Құлыным… Қ.Мүбарак. ~ Айтқанындай- ақ, арада бір ет асым уақыт өткенде, Гаугаң қайтып оралды. Қ.Жұмад. ~ Содан бұған ет пісірім уақыт өмір турасында, сол өмірдегі Адам- Ата мен Қауа- Ана турасында әңгіме шерткен. О.Бөк. ~ Зарго басталғалы ет пісірім уақыт өткенде, кеңеске қатысқан он зайсаңның тамақтары да қарлыға бастап еді. С.Смат.