Жаны ашып, жақын тартты; мүсіркеді, аялады. ~
Ноғайқұл алақанымен Шәукеннің маңдайын басып көрді де, інісіне кейіді: – Ет бауырыңның елжірегенін қарашы! «Ала кет, ала кет! » деп болмадың… Т.Әлімқ. ~ Әпкем биікке мені бой создырып мәз болады. Сонан соң ол кенет ет бауыры елжіреп мені қамзолының омырауын ашып, қойнына жасырып алады да, жүгіре жөнеледі. Б.Мом.
- Ет бауыры елжіреген Таңжарықтың ой өлкесіне өлең селі тасқын атып, жөңкіле берген. Шерлене қыстығып, көзіне ыстық жас алды ақын. Т.Рыск.
- Соңғы рет көріп тұрғандай етектегі туған аулына ет бауыры елжірей қарады. Ә.Асқ.
- Сонан қалған бір шикі өкпе, өзі ер бала. Қазір Қосаралдағы нағашыларының қолында, мектепке барып жүр. Соны ойлағанда жатжұрттық болып осы кеткені кеткен-ау деп, Дүрәлінің ет бауыры кәдімгідей елжірей жөнеледі. Көріп тұрады. М.Қаназ.
- Солардың сөзіне құлақ салсақ: ет бауыры езіліп, бір-бірін көрмесе тұра алмайтын, бірін-бірі соншама жан-тәнімен құлай жақсы көретін кісілер … Д.Досж.
- Қалайда осы бір тілсіз хайуанның көкірегін жарып шыққан зарлы үн кеше қонысын тастап көтеріле көшкен жиырма бес үйді сенің де есіңе салып, ет бауырың езіліп түр. Ә.Нұрп.
