Азға қанағат етті, риза болды. ~ Мұны көрген біз ет жемесек те сорпа ішкендей болып, тәрбиешілерге алғыс жаудырамыз, тоқ көңілмен үйге қайтамыз. М.Қаб. ~ Байқап отырмын, сөз қадірін білетін бала сияқтысыңдар. Ет жемесеңдер де сорпа ішкендей болып кететіндеріңді біліп отырмын. Аман болың,- деп әңгімесін аяқтады. О.Көш.
- Әбіржіп, қара терге түсті. ~ Шәуәли дәлізге ет жемесе де сорпа ішкендей боп шыққан. Өзі тершең кісі, ақ-қарасы белгісіз көлдей орамалымен бетін, мойынын сүртіп әлек. Т.Сәу.
