Адамның жан дүниесі, ішкі сарайы, көңілі. ~ Соған алакөңіл болдым ба, немене, әйтеуір түнімен ұйықтай алмай шықтым. Ет жүрек кейде сезе ме деймін жаманшылықты, қобалжумен болдым. С.Шәй. ~ Халықсыз – тосап судай тұйық Біржан. Заманының қоңырауындай кеудесі бар, Зар-мұңы сол заманның ұйып тұнған. Сондықтан ортасынан озық Біржан, Ел-мұңын ет жүрекке жазып туған. К.Мырз. ~ Екеуі қазір ұзақ сапарға бірге аттанған екі жолаушыдай, жол айырығы кездескенде екеуі де жәй-жәйімен екі жаққа кететін тәрізді болады да турады. Екеуінің де ет жүректері сезеді мұны. М.Мақ. ~ «Қай жақтан жау кеп қалады?» деп сескенген ет жүрек, бірер күннен кейін жасанған жау кездесе қоймаған соң басылды. С.Мұқ.
