Posted in

ЕТЕГІ АШЫЛМАҒАН

Абырой сақталған, күнәдан ада, пәк. * Әне, басқа әйелдер есебін тауып түздегі қылығын күйеуіне білдірмей тасаға тығылып жасырып істесе, бұл жазған ұрғашы екенін жұртқа жариялап болады. Оны сенен де жасырған жоқ еді. Е, ол қашан етегі ашылмаған періште боп тымпиып отырып еді? Ә.Нұрп. ~ Уыз тақымын ердің қасына қажатып, тайдай тулатып атқа өңгеріп әкелген етегі ашылмаған сұқсыр қызға аттай он айда арландай ұл таптырды. Ә.Кек.