Өз-өзіне келіп, жинақыланды, абыройын ойлады. ~ Шаршап келіп, қалай болса солай құлай кеткен әйелдер етегін жинап,
бастарын көтеріп, бастықтың сөзіне құлақ асайын деді. Т.Ахт. ~ Мына қалпымен бұл баланы үсті-үстіне лөкілдетіп таба
беретін, біраздан кейін бала басты боп, етегін жинай алмайтын «салдыбалақ сары қатынның» өзі болуында сөз жоқ!.. С.Мұқ.
~ Қара торы жүзі түтігіп, ашуын сыртқа теуіп тұр еді. Әлгіде, оңашалау бір қалтарыста Келдібай мен Ағиіске естіртіп: «Есті
адам етегін жиып жүретін» деген сөз тастап кетті. Ұқса жарады ғой. Дөрекі мінезге барғандай Сағат надан әке емес. Одан
басқа не демек?!.. Ғ.Сл.
