Реті келген жерде есесін жібермейді д.м. ~ “Құдайға не жаздым. Не пиғылымнан таптым”,– деді Әзім. Кінәм бар шығар, бірақ қай мұсылман етегіне намаз оқып жүр еді. Ә.Нұрп. ~ Дүйсеков болса бір бөлімшенің бастығы, қолынан көп нәрсе келеді. Әрине, етегіне намаз оқып жүрген жоқ. О.Сәрс. ~ Жантаев. Төнген бұлт жоқ, үрейленбе, өткендегі жұмыс үшін кім жазаланады. Етегіне намаз оқыған ешкімді көргем
жоқ. Әңгіме қазіргі жұмысында. (Күлімдеп.) Б.Майл. ~ — Уай, сен де бір иіс алмас аңғал бола қалады екенсің! Етегіне
намаз оқып жүрген ешкім жоқ. Реті келсе, «кет әрі» дейтін жәудір көзді әл-әзір көрген емен! Байлардың ұзатылайын деп
отырған бой жеткендерімен біз де күліп-ойнамаймыз ба? Б.Тоғ. ~ Пішту, айтыпсың?! Әулиесінулерін… Етегіне намаз оқып
жүрген қатын жоқ. Қайран ертегімен ауызданған салпы ернім– ай! Қайтейін,— деп Дариға күрсіне орнынан тұрып жүре
берді. М.Сүн. ~ Өйткені, әйел – өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені, әйел – киелі
халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді… Менің көзім осыған жетті. Сенің іздеп отырғаның осы сөз
ғой. Понятно тебе?.. Мен соғыста етегіме намаз оқып жүргенім жоқ. Сен өзің оқыдың ба? Б.Мом.
