Posted in

ЕТЕК-ЖЕҢІН ҚЫМТАДЫ

Өзін жинақы ұстады, шаруасын пысықтады, не нәрсеге де дайын отырды. ~ Қағбамыздай қасиетті мекеннің есігін есіргенге,
терезесін тесілгенге, төрін көсілгенге бере бермей, екі араны құнттап, етек-жеңді қымтап жүрсек болмас па?! И.Сап.
~ Қашқын қашқандығы туралы бүкіл елге хабар айтылды. Бөгде біреудің төбесі көрінсе болды, «қашқын ба» деп үрпиісе
қалатын ел де етек-жеңін қымтай бастады. Ж.Шәк. * Қосынымызды сайлап, қолымызды түгендеп сол сұмға аттанатын
күн туса, басын өз қолдарыңмен кесесіңдер. Қазірше ес-ақылымызды жинап, етек-жеңімізді қымтап алайық. Ж.Шәкен. *
Ерте, ерте, ертеде, есек құлағы келтеде, өзі батыр, өзі аңғал Бозақ деген жұрт болыпты-дүр. Жері кең, көңілі одан да
дарқан, етек-жеңін қымтамайтын, даласындай далиып жатқан ел деседі. Т.Сәу.