Posted in

ЕТЕК-ЖЕҢІН ТҮРІНДІ

~ Жоқ, Айтеке, ішіп жіберіңіз. Түк те етпейді, ішіп жіберіңіз. Мас болу емес, әшейін бір көңіл көтеру ниеті ғой.
Әйтпесе, етек-жеңін түрініп кірісетін маскүнем жоқ. Х.Ес. ~ Бір шыбындай жанымды,
Бір қасықтай қанымды,
Өлтірмей сауға алайын.
Етек-жеңін түрінді,
Қарасайдың алдына
Жүгіріп салып барады. `Орақ пен Мамай” ~ Жанаттың айтқан сөзіне
Диуаналар нанады.
Киімдерін шешініп,
Жалаң аяқ болады.
Етек-жеңін түрініп,
Құнтиып бәрі алады. “Болат-Жанат”.