От басы, ошақ қасынан алыстамайтын бұйығы тірлікке бейімдік; азға қанағат қылатын тартыншақтық, жасқақтық,
тоқмейілдік туралы. ~ Егіз қызы да етек басты емес, Семей шаһарындағы қыздар училищесінен дәріс алған сауатты, қырдың қылымсыған
қызынан гөрі көкірегі ояу, көзі ашық, қала бикештеріне ұқсайтын. О.Бөк. ~ Құдай әу бастан етек бастыға лайық ез қылып
жаратпай, көкірегіңнің көзін ояу, етіңнің тінін тірі жаратты екен, аман жүрем десең, біреудің есебінен ұтылмайтындай,
біреудің ебінен тосылмайтындай боп, өңің түгіл түсіңде өз тізгініңе өзің мұқият болмасқа амалың қайсы! Ә.Кек.
~ «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, етекбасты көп көрдім елден бірақ». Сол етек бастылар өңмеңдеген шақта, елді
қайда бастайды, қай сорға бастайды? Ш.Сари. ~ Ел аузын ашып, ұйып тыңдаған, меймандар қоспасы көп болса да
өздерінен тысқары тұрған етек басты өмірмен бетпе-бет келтірген әңгімені тосын жаңалықтай қабылдады. А.Смай. * Ал
Жәнібек тарханның айтқандары – қонысы жоңғар шебінен алыс, әзірше жаудан жәбір, жерден таршылық көрмеген, бейғам
ағайынның етек басты сөзі еді. Қ.Жұм.
