Туған бауырдай, арасынан қыл өтпейді.
~ Әрине, тағдырласып кеткен туыстас дос-жаранмен, танысып, араласып, етене жақындасқан ел жігіттерімен бірге қызды ауылдарды төңіректегеніміз, бозбалалық құрғанымыз айтпаса да түсінікті. М.Мағ. ~ Әзім ойланып қалды: неге екенін қайдам, жаулықты ол енді өз төңірегінен, өз төңірегі болғанда да етене жақын ағайын-тумадан іздеді… Ә.Нұрп. ~ Негізінде сөздің зерттеліп, жазылуы бар да, ал оны халыққа етене жақындастырып, насихаттау жұмысы қазіргі таңда өте қиын болып тұр ғой. Қ.Бегм. ~ Өнердің өзі өмірден бастау алады. Бейімбет Майлин өмірге етене жақын жазушы. Қ.Ерг. ~ Айдаудағы тағы бір кесікті күн өтті.Өзіне осы жылдар ішінде етене жақын болып, жүрек төрінен орын алған шөлді аймақтың көптен жауын тамбай сарғыш тартқан жүдеу дидарына қарап отырып, ақын күбірлей берді. Ү.Жәл.
