Әбден дағдыланды; бойы үйренді, көндікті. * Адамның тыпырлап өлгені бізге тауықтың өлгенімен бір есеп. Көңілімізге солай орнағаннан ба? Өлімді көп көріп етіміз өліп кеткеннен бе, кім білсін? Ж.Айм. . * Бірақ жалаңаш-жалпы болғанмен, масалардың шағуына еті өліп кеткен балықшылар оған қарар емес… С.Мұқ. ~ Үй иесі үнсіз. Осының бәрін күнде-күнде көріп, есітіп жүргесін әбден еті өліп кеткен. Ә.Нұрп. * Жалғыздыққа, түн баласына еті өліп кеткелі қашан: “осы мені қуған қандай үрей, алжиын дегенсің – ау” – деп жұбатқан болды. Қ.Ысқ. * Мұндай алабөтен жағдайға етi өлiп кеткен соң көнтерлi көмбiстiкпен өткерiп жiбергеннен басқа амалы қайсы. Ж.Шаш. * «Еті өліп соққыға үйреніп алса, тіптен пәле боп жүрер»,— деп Исахметтің бұл баспалап, өзінше үркіп қалған әйелін қайта бауырына тартқан айла-шарғысы. М.Сүн. * Әуелгiде бiр түрлi көндiкпей жүрдi. Келе-келе етi өлiп кеттi. Б.Алд.
