Кішкентай ғана. ~ Сөйткенше болған жоқ, қамшысын бүктей ұстап Есіркеген «Ассалаумағалайкум» деп үйге кіріп келді. Бұл баяғы ешкінің асығындай кішкентай Есіркеген емес. Булығып өскен денесі сұп-сұңғақ. І.Ес. ~ Сабын салғышқа салғырт көз салды. Кешегі ешкінің асығындай мүжік қалдықтың орнында жұп-жұмыр сопақша сабын жатыр. М.Қаб. ~ Ешкінің асығындай екі қызға тиесілі екі төсектің біреуі бұған бұйырған екен, Алтын мен Абыралы… қызыл шырайлы қыз қайтті? М.Қаб.
