Posted in

ЕШКІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ КӨККЕ, ТҮЙЕНІКІ ЖЕРГЕ ЖЕТЕР

Алда не күтіп тұрғанын кім біледі д.м. ~ Әрине, Төре би, көңілдес Тоқтай –Тұғлу–қатынның сегіз айлық баланы өсіп, Бердібекпен хан тағына таласады дегені бақастас екі қатынның күндестігінен шығып отырғанын жақсы түсінген. Сегіз айлық бала өсіп, хан тағына таласқанша ешкінің құйрығы көкке, түйенің құйрығы жерге тиер. І.Ес. * Оттапсың. Қайтып оралғаныңша, ешкінің құйрығы – көкке, түйенікі – жерге жетер. – Оны бір Құдай біледі. Дүние – кезек. О.Бөк. * Ауданнан мелиса келіп, ұрыны ұстап бергенше түйенің құйрығы жерге, ешкінікі көкке жетер. О.Бөк. ~ Оның бұл тұжырымына Демежан қосыла қоймады. Адамдар өздігінен өсіп, ондай әулиелік, тазалыққа жеткенше, түйенін құйрығы жерге түсіп, ешкінің құйрығы көкке шықпай ма. Қ.Жұм. ~ − Сабыр ет, жеңеше! – деді Сәмет кінәлы пішінмен,- бәрін де реттеймін. − Әй, білмеймін-ау,- деді Ұлбосын түңіліп,- жетім-жесірді сендер жарылқағанша, ешкінің құйрығы көкке, түйенің құйрығы жерге жетер. С.Ом.