Posted in

КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН (КҮТТІРМЕС)

Басқадан бұрын істелуге тиіс іс, толғағы жеткен шаруа. ~ Бір ауыз сөз айтпай–ақ, сенің кезек күттірмейтін оқыс бір хабармен келгеніңді бірден ұғуға болар еді, — деген бұл да оның сөзіне орай көңіліңе ұялаған жайды айтып. Г.Сейт. ~ Түркістан автономиясының кезек күттірмес зəру мəселелерін ақылдасып, дұрыстап шешіп алмақ еді, бұл үміт ақталмайды. З.Қаб.